Мұсайып Хұсайынұлы (1936 ж. т., Баян-Өлгей аймағы, Аққол ауылы) — күйші-композитор, дирижер.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын 1967 жылы бітірген. Баян-Өлгий аймақтық қазақ музыкалы драма театрында музыкант, дирижер, театрдың көркемдік жетекшісі, бастығы (1958 — 92) сондай-ақ Моңғолия Композиторлар одағының қазақ бөлімшесін басқарған, 1967 — 92), 40-тан астам ән, романс, хор, кантата, поэма жазған. Оның “Тың қыз” (1966, либреттосы А. Хандсурэндікі) бен “Бүркіт” (1970, либреттосы Б. Лхасурэндікі) атты балеті мен “Аяқталмаған ән” атты операсы (1991, либреттосы Б. Имашхандікі) Баян-Өлгий аймақтық қазақ музыкалы драма театрында қойылды. Хұсайынұлы осымен қатар “Бірлестікшілер” (1971) мен “Аталар аманаты” (1981) атты қойылымдардың музыкасын, симфониялық шығармалар “Бөбектер рондосын” (1968), “Жеңіс увертюрасын” (1972), күйлер: “Мереке”, 1960; “Шашу”, 1967; “Өзгерген өлке”, 1969; “Жеңіс”, 1972; “Жәзира”, 1989; “Атажұрт”, 1994; “Аймағым алтын ордам”, кантата 1990; Азаттық туралы ән; поэма 1979, романстар : “Туған жер”, 1967, Мәңгілік алау, 1986, әндер Достарым 1968, Сағындыңба 1963, Елде жүрсем 1996, 30-дай концерттік би музыкаларын; сондай-ақ Шайқас алдында көркем фиьлм”, 1972), деректі (“Домбыра сазы”, 1982); “[Бүркіт]”, 1989) фильмдерге музыка жазды. Хұсайынұлының “Туған жер” (1977) мен “Өлгий әуендері” (1983) атты әндер жинағы моңғол тілінде жарық көрген. 1989 ж. “Сыбызғы сазы” атты фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрды. Хұсайынұлы — Моңғолия қазақтары арасында музыка өнерін кәсіби деңгейде дамыту ісіне елеулі еңбек сіңірген өнер қайраткері.
1992 ж. Қазақстанға қоныс аударып, Сарқант гуманитарлық колледжінде (1993 — 2000) ұстаздық қызмет атқарды.
Моңғолияның Алтын жұлдыз және Еңбек Қызыл Ту ордендері, Еңбек Құрметі қатарлы мерекелік медалдар мен мемлекеттік Сый-сияпаттардың иегері.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:1936 жылы туғандар Санат:Моңғолияда туғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Күйшілер Санат:Қазақстан дирижерлері Санат:Моңғолия сазгерлері Санат:Моңғолия дирижерлері Санат:Моңғолия марапаттарының иегерлері