Кола шығанағы (орыс: Кольский залив) — Баренц түбегіндегі шығанақ, Кола түбегінің солтүстік жағасында. Ұзындығы 57 км, ені шығанаққа кіре беріс тұсында 7 км, оңтүстік бөлігінде 1 км-ге жуық. Тереңдігі 200–300 м. Шығанаққа Тулома және Кола өзендері құяды. Жарты тәулікте су деңгейі бір рет қана көтеріледі (4 м). Қыста қатпайды. Мұнда Североморск және Мурманск порттары орналасқан.
Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Санат:Алфавит бойынша шығанақтар Санат:Ресей шығанақтары