Май қышқылы (C4H8O2 немесе C3H7COOH) — бір негізді қаныққан карбон қышқылы. Ол жағымсыз иісті түссіз сұйықтық, суда және органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Көміртегі тізбегінің құрылысына байланысты май қышқылының екі изомері бар:

н-май қышқылы CH3(CH2)2COOH (қайнау t 163 °С, тығыздығы 20 °С-та 0,953 г/см³) изомай қышқылы (CH3)2CHCOOH (қайнау t 155 °С, тығыздығы 20 °С-та 0,949 г/см³)

Қызыл фосфор қатысында май қышқылын бромдағанда -бром пропион қышқылы түзіледі. Өнеркәсіпте май қышқылын бутил спиртін тотықтыру, құрамында крахмал бар қалдықты (35-40 °С) ашыту арқылы алады.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Санат:Карбон қышқылдары