Майтүбек — Павлодар облысы Май ауданындағы ауыл, Майтүбек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Көктөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1092635 502 79,1 311 278 89,4 324 224 69,1

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды, ал 30-жылдардың басында ұжымшар орталығына, 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру негізінде жаңадан құрылған қой өсірумен айналысатын кеңшардың орталығына айналды. 1997 жылға дейін “Жаңатұрмыс” деп аталып келді. Кеңшар негізінде мұнда 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Май ауданы елді мекендері