Боран Айбатыров (1922 – 1986, Маңғыстау ауданы) – соғыс ардагері.

Өмірбаяны 1941 – 45 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Соғыстан кейін Түрікменстанның «Равно» қой кеңшарында малшы болып жұмыс жасады.

1966 ж. туған жері Маңғыстауға оралып, «Маңғыстау» кеңшарында ұзақ жылдар а. ш. саласында еңбек етіп, 1982 ж. зейнеткерлікке шықты.Маңғыстау энциклопедиясы, 4томЕрлік кітабы, 1995.

Марапаттары Днепр, Беларусь майдандарындағы шайқастарда көрсеткен ерен ерлігі үшін «Жауынгерлік Қызыл Ту», 3-дәрежелі Даңқ, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Жауынгерлік Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері