Айтуған Тайұлы (туған - өлген жылы белгісіз) – жыршы, жырау, қобызшы. Ұрпағы Өтежан Алшынбаев мәліметіне қарағанда 18 ғасырдың аяқ кезінде туып, 97 жасында дүние салған. Әкесі Тай қобызшыдан, сол өңірдегі айтулы ақын-жыраулардан өнеге алған. Қ.Шыртанов жинаған деректер бойынша Айтуған «Ноғайлық» аталатын ерлік жырларды жырлап таратушылардың бірі. Өз жанынан шығарған өлең-толғаулары сақталмаған. Інілері Құлыш, Қожықтар көңілін сұрай келгенде айтқан шешендік, билік сипатты өлеңі ел арасында кең тараған. Айтуғанның өлең-толғаулары мен ол туралы деректер «Маңғыстау» газетінде (1990) жарияланған. Маңғыстау энциклопедиясы, 4том Дереккөздер Қ. Сыдиықұлы
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Айтуған Тайұлы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.