Константиновка — Ақмола облысының Аршалы ауданындағы ауыл, Константинов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Аршалы кентінен шығысқа қарай 35 км жерде, Ерейментау тауының оңтүстік етегінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16171240 869 70,1 608 428 70,4 632 441 69,8
Тарихы Іргесі 1905 жылы қаланған. 1929 жылдан “Передовик” ұжымшарының орталығы болды. 1951 жылы ол Киров ұжымшарымен бірікті. 1961 жылдан “Константиновский” астық кеңшарының орталығы болып келді. 1997 жылдан оның негізінде “Константиновский” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Мектепке дейінгі балалар мекемесі, орта мектеп, кітапхана, клуб, мұражай, отбасылық дәрігерлік амбулатория бар. Жақын темір жол станциясы – Аршалы (48 км). Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ауылдан 3 км жердегі тау шатқалында қайың, терек, тал, т.б. өскен. Ол – Аршалы кенті, Теміртау, Қарағанды қалалары тұрғындарының демалыс орны.
Дереккөздер
Санат:Аршалы ауданы елді мекендері