СиенитҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 (грекше Syene — ежелгі Мысырдағы Сүн қаласының (қазіргі Асуан) атынан)негізінен калийлі дала шпатынан (60 — 90%), аздаған мөлшерде плагиоклаздар мен биотит, пироксен, тағы басқа тәрізді түсті минералдардан құралған терең қабаттағы магмалық тау жынысы. Сиенит — түсі қызыл, алқызыл, алқызыл-сұр болатын түйіршікті тау жынысы. Бітімі — шомбал, бағдарлы, шлирлі, құрылымы біркелкі орта, ірі түйірлі, кейде порфирлі. Фемалық минералдар 10-20% құрайды, олар негізінен горнбленд, кейде биотит, пироксен болып келеді. Калишпат қалыпты түрінде 50—70% құрап, микроклин, ортоклаз не микропертит болып келеді. Плагиоклаз қалыпты сиенитте 10-30% құрап, олигоклаз не андезин болады. Фемалық минералдар мен дала шпаттар сілтілі болған жағдайда, сиенит те сілтілі деп аталады. Гранитпен аралық түрін граносиенит, габбромен аралық түрін — монцонит, диоритпен аралық түрін — сиенит-диорит дейді. Құрамындағы сілті мөлшеріне қарай 3 топқа бөлінеді: қалыпты, жоғары сілтілі және сілтілі. Қалыптыдан басқа екеуінде тек сілтілі дала шпаты мен қошқыл түсті минералдар (сілтілі амфибиол, эгирин, эгирин-авгит) болады. *Құрамындағы кварцтың мөлшері 5%-дан асса кварцтық сиенит, ал нефелиннің мөлшері 20%-дай болса нефелиндік сиенит деп бөлінеді. Қазақстанның Сарыарқа, Есіл аймақтарында кездеседі. Сиениттер құрылыста әшекейлік, қаптама материалы және ескерткіштер жасайтын тас ретінде қолданылады.

Дереккөздер

Санат:Геология