«Абай» — Алматы метросының 4-ші бекеті. Бірінші бағытта «Алмалы» және «Байқоңыр» бекеттерінің арасында орналасқан.
Тарихы Бекет 2011 жылдың 1 желтоқсанында Алматы метрополитенінің «Райымбек батыр» — «Алатау» бірінші іске қосу учаскесінің құрамында ашылды.
Өз атауын аттас даңғылдан алған. Жобада «Жетісу» деп аталды.
Құрылысы 1996 жылғы шілде — бекеттің көлбеу жүрісін салу басталды. 2007 жылғы мамыр — «Алмалы» бекеті жағынан оң аралық туннельдің түйісуі. 2007 жылғы маусым — «Алмалы» бекеті жағынан сол аралық туннельдің түйісуі. 2008 жылғы наурыз — оң жақ бекет туннельін салу басталды. 2008 жылғы сәуір — «Байқоңыр» бекеті жағынан оң аралық туннельдің түйісуі. 2008 жылғы шілде — «Байқоңыр» бекеті жағынан сол аралық туннельдің түйісуі.
Техникалық сипаттамасы Терең орналасқан бекет (тереңдігі 78 м) колонналық типтегі жол аралығы 18.1 м. Үш залдан тұрады — орталық және екі бүйірлік, олар ені 15,2 м, ұзындығы 104 м жалпы островтық платформаны құрайды. Көтеру биіктігі 46,0 м, ұзындығы 92,0 м эскалаторлар бойынша (4 таспа) бекетке түсіру-көтеру.
Архитектурасы мен безендірілуі «Абай» — терең қабатта орналасатын метро бекеті. Қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы құрметіне аталған. Бекеттің осы заманғы мәнерде безендірілген.
Бекеттің сәулет-сурет шешімі заманауи стильде жасалған. Қабырғалары сарғыш және қоңыр түсті мәрмәрмен әрленген. Едендерге сұр-сарғыш және қоңыр түсті гранит төселген. Карниз тоттанбаған болаттан жасалған. Платформаның шет жағында суреттік панно барельеф қолада және «флорентиялық мозаика» орналасқан. Композиция заманауи стильде орындалған. Абай Құнанбаев бейнеленген қола рельеф, тас бетінде ойылған, онда Абай шығармасынан үзінділер жазылған.
Жақын орналасқан нысандар Республика сарайы «Қазақстан» қонақ үйі «Арман» кинотеатры Көк-Төбе арқанды жолы "Француз үйі" дүкені Республика алаңы Лермонтов атындағы Драма театры Ұлттық кітапхана Университеттер: КИМЭП, UIB, ҚазҰАУ, Тұран Құрылыс және менеджмент колледжі Алматы қаласының Әкімдігі
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Алматы метро бекеттері