Сталинге сыйлықПодарок Сталину. Қазақфильм ресми сайты. kazakhfilmstudios.kz — 2008 жылы шыққан тарихи фильм.
Шығу тарихы Фильмнің идеясын кезінде актер Меңтай Өтепбергенов жүрген жерінде айтып жүріпті. Режиссер Конопольскиймен бірігіп осы идеяны жүзеге асырмақ болып, олар біраз жұмыс та жасапты. Мәскеуден Павел Константинович Финді шақырып, ол тұтас сценарийін жазып шығады. Қаражат қолбайлау болып, фильм сценарийі тағы екі-үш жыл «шаң басқан архивте» жатып қалады.
Кейіннен продюсер Әлия Увальжановаға «Сталинге сыйлық» туралы идеяны айтқанда ол қаржы табу мәселесін бірден қолға алады. Нәтижесінде Борис Чердабаев сценарийді толайым сатып алып, фильмнің барлық шығынын өз мойнына алады. Осы кезде «фильмді кім түсіреді?» деген мәселе кесе көлденеңдейді. Б.Чердабаев Рүстем Әбдірашевке жауапкершілікті жүктегенімен, сценарий авторы П.К.Финнің Рүстемге деген күмәні басым болады. Алайда «Қаладан келген қызды» көріп шыққаннан кейін Финнің көзқарасы өзгеріп, «Сталинге сыйлықты» қазақ режиссеріне сеніп тапсырады...
Рөлдерде
Дален Шинтемиров — Саша Екатерина Редникова — Верка Нұржұман Ықтымбаев — Қасым Александр Баширов — МҚМ майоры Бақтияр Қожа — Балғабай Вальдемар Шчепаняк — Ежи Домбровский Давид Маркиш — ересек Саша Қасым Жәкібаев — шаман Әсел Сәдуақасова — қазақ қызы Лейла Сальменова — қазақ қызы (фильмнің соңында Абайдың өлеңін оқыды)
Марапаттары Жыл сайынғы өткілетін «Синемас Азия» фестивалінде бүкіл Азия елдерінен қатысқан жүздеген картинаның ішінен небәрі 11 фильмді іріктеп, фестивальге лайық деп тауыпты. Сол 11-дің ішінен бас жүлдені жеңеді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан драма фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:Ресей драма фильмдері Санат:Польша драма фильмдері Санат:Израиль драма фильмдері Санат:2008 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:Қазақ тіліндегі фильмдер Санат:Рүстем Әбдірашев фильмдері