Артық жұптықты циклдік тексеру (Циклическая проверка четности с избыточностью; cyclic redundancy check, CRC) — мәліметтер жеткізу кезінде катені анықтау схемасы. Тасымалданатын мәліметтердің бақылау қосындысы полиномиалдық алгоритм бойынша саналады да, мәліметтермен бірге жіберіледі. Қабылдау жағында бақылау қосындысы сол алгоритм бойынша қайтадан саналып, қабылданған мәнімен салыстырылады. Екі мәннің тең болуы жеткізудің дұрыстығын көрсетеді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Компьютерлік техника