Нұрмолда Алдабергенов (20 желтоқсан 1906, Желдіқора қыстауы, Қараағаш, Кербұлақ ауданы, Алматы облысы – 17 қараша 1967)Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987 — қоғам қайраткері, екі мәрте Социалистік еңбек ері (1948, 1958), Қазақстандағы колхоз құрылысын алғаш ұйымдастырушылардың бірі.

Жетістіктері 1927–1930 жж. Түркістан–Сібір темір жолын салуға қатысқан. 1930–1933 жж. Талдықорған облысы “Жаңа талап” ұжымшарында колхозшы, бригадир. 1942 жылы ол басқарған ұжымшар еңбеккерлері қант қызылшасының әр гектардан 365 ц, астықтың әр гектардан 13,7 ц өнім жинады. Ал қант қызылшасы егілген жеке тәжірибе учаскесінің (10 га) әр гектардан 834 ц түсім алды. 1942–1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 ж. Алдабергеновтің басқаруымен Жетісу өңірінде тұңғыш су электр станциясы салынды. Мұқыры ауылында тұрғын үйлер, орталық мәдениет үйі, тұрмыс қажетін өтейтін орталық, сауда орталығы, балалар бақшасы, орта мектеп, аурухана құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Ол ауыл шаруашылығында егіншілік мәдениетін арттыру және мал тұқымын асылдандыру ісінде ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибені өндіріске батыл енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізді, сөйтіп ұжым экономикасын күрт жоғары көтерді. Ұжымшарда озат тәжірибе мектебі тұрақты жұмыс істеді, асыл тұқымды мал фермалары құрылды, ауылда қала үлгісінде құрылыс салу тұңғыш жүзеге асырылды. 1945 – 1950 жж. Талдықорған облысы "Жаңа талап" колхозының төрағасы. 1950–1961 жж. Сталин атындағы (кейін Н.Алдабергенов атындағы) іріленген ұжымшардың төрағасы. 1965–1967 жж. Карл Маркс атындағы ұжымшардың төрағасы болып істеді. Үшінші және төртінші сайлауда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Бесінші сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Қазақстан КП-ның жетінші, сегізінші, оныншы съездерінде ОК мүшесі болып сайланды.

Есімі берілген жерлер Жетісу облысы, Ескелді ауданында Алдабергенов ауылы; Талдықорған қаласы мен Қарабұлақ ауылында орталық көше; Шұбар мектебіне Алдабергенов есімі берілген.

Наградалары Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948, 1958); Екі мәрте Ленин ордені (1948, 1958); Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені; 6 рет Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) үлкен Алтын медалімен марапатталған.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3Қазақ энциклопедиясы Медальдар

Көркем әдебиетте Жазушы Ұзақбай Доспанбетов Нұрмолда Алдабергенов өміріне арналған «Шың мен шыңырау» атты 2 томдық роман жазды. Прототипі – Хақназар Халықбергенов.

Дереккөздер

Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері‎ Санат:1906 жылы туғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі алтын медалінің иегерлері