Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы
Тарихы Қазақстан Президентінің Күзет Қызметі арнайы әскери құрама ретінде 1992 жылы Қазақстанның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қарасты күзет бөлімшелері негізінде құрылды.Службе охраны Главы государства - 16 лет Қазақстан Республикасының 1995 ж. 3 қазандағы №2483 Заңына сәйкес, ол Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын арнайы мемлекеттік орган болып қайта құрылды.ҚР Президентінің 1995 жылғы 3 қазандағы № 2483 "Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығы (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы, 1995, №19, 118-бап). Республикалық ұлан Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын жеке әскери құрама ретінде Президенттiң 1992 ж. 16 наурыздағы №673 Жарлығымен құрылды. Президенттің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №807 Жарлығымен Қазақстан Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы қосылып, Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта ұйымдастырылды.
Міндеттері Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру күзетілетін адамдар мен объектілерге төнетін қатерді болжау және анықтау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөніндегі жедел шаралар кешенін жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру, рәсімдік және протоколдық іс-шараларды орындауға қатысу президенттік байланыспен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Құрылымы Ведомствосы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері. Айрықша мақсаттағы күштердің әскери бөлімдері 0111 әскери бөлімі («Батыр» президенттік полкі, Алматы) 0112 әскери бөлімі («Айбын» президенттік полкі, Астана) 0116 әскери бөлімі (Мемлекеттік күзет қызметінің госпиталі, Астана) Қарамағындағы ұйым «Арнайы қамтамасыз ету орталығы» ЖШС (Астана) Құрылымдар Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауылы ротасы «Көкжал» арнаулы мақсаттағы бөлімшесі «Қалқан» арнаулы мақсаттағы бөлімшесі
Басшылық Исабеков Сәкен Сайынұлы — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығы, мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры Хасенов Азамат Бақытжанұлы — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштерінің Қолбасшысы Төреханов Роман Алмаханұлы — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің күзет қызметінің бастығы Жақыпов Шыңғыс Лесұлы — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Канцеров Константин Вадимович — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарыБасшылық
Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (2014—) 1 99px Әнуар Садықұлов 21 сәуір 2014 3 шілде 2014 2 99px Амантай Күреңбеков 3 шілде 2014 23 мамыр 2018 3 99px Ардақ Әшімбекұлы 14 қараша 2018 13 маусым 2019 4 99px Әнуар Садықұлов 13 маусым 2019 16 қаңтар 2020 5 99px Қалмұханбет Қасымов 16 қаңтар 2020 30 шілде 2021 6 99px Ермек Сағымбаев 25 тамыз 2021 5 қаңтар 2022 7 99px Сәкен Исабеков 6 қаңтар 2022 —
Президент күзет қызметінің басшылары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (1992—2014) 1 99px Сергей Синицын 1992 1995 2 99px Сәт Тоқпақбаев қараша 1995 наурыз 1997 3 99px Болат Баекенов наурыз 1997 мамыр 2001 4 99px Әлнұр Мұсаев мамыр 2001 қаңтар 2002 5 99px Амангелді Шабдарбаев 29 қаңтар 2002 2 наурыз 2006 6 99px Мұхтар Аюбаев 3 наурыз 2006 6 наурыз 2013 7 99px Әнуар Садықұлов 6 наурыз 2013 21 сәуір 2014 Мемлекеттік күзет қызметінің Тұңғыш Президент — Елбасының қауіпсіздік қызметі (2014—2022) 1 99px Ардақ Әшімбекұлы 21 сәуір 2014 14 қараша 2018 м.а. 99px Жасұлан Сәрсембай 14 қараша 2018 13 маусым 2019 2 99px Ардақ Әшімбекұлы 13 маусым 2019 28 тамыз 2020 3 99px Батырбек Байбосынов 14 желтоқсан 2020 25 тамыз 2021 4 99px Жасұлан Сәрсембай 25 тамыз 2021 ? Мемлекеттік күзет қызметінің Президент күзет қызметі (2019—) 1 99px Ермек Сағымбаев 8 мамыр 2019 27 шілде 2021 2 99px Сәкен Исабеков 27 шілде 2021 6 қаңтар 2022 3 99px Шыңғыс Әрінов 6 қаңтар 2022 6 ақпан 2024 4 99px Роман Төреханов 10 ақпан 2024 —
Айрықша маңыздағы күштер басшылары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (1992—2014) 1 99px Сейілбек Алтынбеков қазан 1992 желтоқсан 1993 2 99px Төлеген Үмбетбаев 1993 1995 3 99px Сәт Тоқпақбаев қараша 1995 қазан 1999 4 99px Болат Ысқақов 14 желтоқсан 1999 19 желтоқсан 2000 5 99px Болат Жанасаев наурыз 2001 қаңтар 2002 6 99px Болат Ысқақов 31 қаңтар 2002 21 қаңтар 2006 7 99px Абай Тасболатов 23 қаңтар 2006 23 қараша 2011 8 99px Амангелді Шабдарбаев 23 қаңтар 2012 6 наурыз 2013 9 99px Мұхтар Аюбаев 6 наурыз 2013 21 сәуір 2014 Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі (2014—2019) 1 99px Мұхтар Аюбаев 21 сәуір 2014 26 маусым 2019 Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша маңыздағы күштері (2019—) 1 99px Мұхтар Аюбаев 26 маусым 2019 24 тамыз 2020 2 99px Ардақ Әшімбекұлы 28 тамыз 2020 6 қаңтар 2022 3 99px Айтқұрман Омарбеков 16 ақпан 2022 —
Дереккөздер
М