Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева (1943 жылы 15 қыркүйек Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ленин совхозы - 2017 жылы 9 қараша Қостанай) — ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан атақты механизатор, тың игеруші, еңбек ардагері, қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1975). КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1976). Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы.

Толығырақ Руы — Уақ. Камшат Байғазықызы 1943 жылы 15 қыркүйекте Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ленин совхозында дүниеге келген. Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған. 1961 жылдан Қостанай облысы, Боровский ауданы "Харьковский" совхозында механизатор болып еңбек еткен. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы "Каменьск-Уральский" кеңшарында механизаторлар дайындайтын курсты, Қостанай ауыл шаруашылык техникумын сырттай оқып бітірген. 1972 жылы қайырмасыз соқамен жер жыртуда әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста бірінші орынға, республикалық жарыста үшінші орынға, 1973 жылы Ростов облысындағы Зерноградта бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болған. 1973 жылы 26579 га, 1974 жылы 38158 га, 1975 жылы 37199 га жер жыртып, жылдық міндеттемелерін асыра орындаған. Қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі өнеге болды. Камшат Дөненбаеваға Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломы жөне "Москвич" автомашинасы берілді. СОКП XXV съезінің делегаты, IX сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1974). 1990-1993 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарады. 1980-1985 жылдары КСРО Жоғарығы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 2017 жылы 9 қарашада Қостанайда дүниеден озды.

Марапаттары КСРО 1975 - Социалистік Еңбек Ері алтын жұлдызымен жоғарғы "Ленин" Орденімен марапатталған. 1976 - КСРОның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты КСРОның екі мәрте жоғарғы "Ленин" ордені, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. КСРОның "Еңбек ардагері" (2 мәрте), "Тың жерлерді игергені үшін" және т.б көптеген медалдармен құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан 2001 - "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі 2008 - "Астанаға 10 жыл" медалі 2011 - "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі 2016 - "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі ҚР "Еңбек ардагері" медалі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы саласының үздігі (атағы); Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Қостанай облысының Құрметті азаматы

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстанның Құрметті азаматтары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері