thumb|190px|Южаковтың үлкен энциклопедиясы Мақала () — белгілі бір тақырыпты тереңірек зерттеп, оны ғылыми, қоғамдық немесе әдеби тұрғыдан талқылайтын жазбаша жұмыс. Мақалада автор өзінің пікірін, көзқарасын білдіріп, әр түрлі деректер мен мысалдар арқылы дәлелдер келтіреді. Мақалада нақты мәселеге талдау жасалып, оны шешудің жолдары немесе ұсыныстар берілуі мүмкін. Мақала жазудың басты мақсаты — оқырманға белгілі бір тақырып туралы ақпарат ұсыну немесе сол тақырыпты тереңірек түсіндіру.

Мақала — бұл ғылыми немесе қоғамдық мәні бар тақырыпты қарастыратын, жүйелі және логикалық құрылымға негізделген жазбаша еңбек. Осыған қоса, ол көбіне кең аудиторияға арналады. Ол белгілі бір мәселені зерттеуге, түсіндіруге немесе оның шешімін ұсынуға арналған. Интернет желісінде — жаңалықтар тобының (newsgroup) хабарламасы; Мәліметтер объектілерін сипаттау формасы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Мақала — қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Мақала 4 түрге бөлінеді: Бас мақала — заманның негізгі бағытын айқындап, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық және мәдени міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ оларды іске асыруға бағыт береді. Проблемалық мақала — шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді; Насихаттық мақала — ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады; Публицистикалық мақала —қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

Дереккөздер

Санат:Мақалалар