Аттенуация — вирустардың ауру қоздырғыш қасиеттерін әлсірету. Бұл үшін вирустардың өсіп-өнуіне қолайсыз жағдайлар жасалады. Мысалы, оларды иммунды немесе вирусты қабылдаушылығы өте төмен организмдерде өсіру, УФ-және Рентген сәулелеріне түсіру, төменгі және жоғарғы температурада өсіру. Аттенуацияланған вирустар—айтылған әсерлердің салдарынан геномына өзгеріс жинап, сұрыпталған вирустар. Бұлардың ішінде иммуногендік қасиетін сақтай алған вирустар тірі вакцина жасау үшін қолданылады. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Вирусология Санат:Иммунология Санат:Генетика Санат:Молекулалық биология