Ақпаратты шығарып оқу (Считывание информации) — қандай болса да ақпарат тасуышта жазылған ақпаратты анықтау (шығарып алу). Ақпарат тасуыштың типіне және сақтау принципіне байланысты Ақпарат шығарып оқуды ақпарат тасуышты алғашқы қалып-күйге келтіру арқылы немесе өзгеріссіз-ақ іске асыруға болады. Ақпарат шығарып оқудың бірінші тәсілінде ақпарат жойылады да, қайта-қайта шығарып оқу үшін оны қайта қалпьша келтіру қажет. Ал ақпарат шығарып оқудың екінші тәсілінде ақпарат сақталады. Ақпараты жойылмайтын шығарып оқуды барлық ақпарат тасуышқа қолдануға болмайтындықтан, арнайы жинақтағышты (мысалы, магниттік таспаны немесе дискіні, биакстарды, трансфлюксорларды) пайдалану талап етіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника