Меркі шипажайы — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылдық округі құрамындағы елді мекен, шипажай.

Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен256 170 66,4 132 80 60,6 124 90 72,6

Шипажай тарихы 1958 жылы "Меркенка" демалыс үйі болып құрылды. 1960 жылдан бастап шефтік қамқорлыққа алған "Қазсоветкурорт" сауықтыру орнының аяғынан тік тұруына, әрі жұмысын жандандыруыға көп көмегін тигізді. 1981 жылы "Меркенка" демалыс үйі "Меркі шипажайы" болып қайта құрылды. Мұндай өзгеріске осынау таулы өңірдің ерекшеліктері, табиғи емдік қасиеттері себепші болды. Мәселен, географиялық және климаттық жағдайы емдеу-сауықтыру мақсатына қолайлы, аудан орталығынан 12 шақырым асфальтты жол қатынасының болуы. Ең бастысы, мұнда радонға бай минералды су көзі бар. Жер астынан төрт жерден ұңғыма арқылы (тәулігіне 217300 литр) шығып жатқан шипалы судың температурасы 21-23 градус. Судың құрамындағы радон газы (1400-1800 эман), оның емдік қасиеті өте жоғары, суы тұщы, минералдылығы 300 мг/л. Құрамында натрий, хлор, сульфат, фтор, кремний қышқылы бар. Шипалы судың сапасы мұқият зерттеліп, оны еліміздегі өте жоғары шипалы судың қатарына жатқызады.

Ғалымдардың анықтауынша, радон адам организміне тері, жұқа шеміршектер арқылы еніп, радон "депосын" құрады. Одан әрі ол ыдыраған кезде пайда болған бөлшектер терідегі нерв нүктелеріне, сол арқылы бүкіл организмге әсер етеді.

Шипажайда жылдың қай мезгілінде болмасын емдеу қалыпты өтеді. Мүнда көктем ерте шығады. Қар тез еріп, тау бөктерлері жасыл барқыт жамылады. Жиі-жиі нөсерлі жаңбыр жауады. Жазда жауын-шашын сирек. Шілденің аптапты күндерінде де мұнда ыстық болмайды. Ағып жатқан өзен мен тау самалы ауа райын салқындатып тұрады. Күз құрғақ, ұзақ. Суық кеш түседі. Қыста қар қалың түседі, бірақ аса суық болмайды.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме Шипажай

Санат:Қазақстан шипажайлары Санат:Меркі ауданы елді мекендері