Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Бұрынғы атаулары 1990 жылы 20 желтоқсанда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Монополияға қарсы саясат және жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау жөнiндегi мемлекеттiк комитет құрылды.О реорганизации органов государственного управления в Казахской ССР 1991 жылы 7 маусымда Президент Жарлығымен Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитет деген атаумен қайта құрылды.Об обpазовании Госудаpственного комитета Казахской ССР по поддеpжке новых экономических стpуктуp и огpаничению монополистической деятельности Қазақ КСР Монополияға қарсы саясат және жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (1990-1991) ҚР Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (1991-1993) ҚР Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (1993-1994) ҚР Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (1994-1997) ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi (1997-1998) ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi (1998) ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi (1998-1999) ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (1999) ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі (1999-2002) ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (2002-2004) ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті (2004-2007) ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (2007-2014) ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (2014-2017) ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (2017-2019) ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті (2019-2020)Реорганизован Комитет по регулированию естественных монополий и защите конкуренции ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (2020 жылдан бастап)
Міндеттері Нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру; Адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу; Экономикалық шоғырлануды реттеу; Бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру
Құрылым 2024 жылға:
Орталық орган
Төрағаның хатшылығы (Департамент) Әлеуметтік сала департаменті Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті Персоналды басқару департаменті Әкімшілік-қаржы департаменті Тергеп-тексерулер департаменті Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Биржалық бақылау департаменті Қаржы нарықтары департаменті Көлік және байланыс департаменті Агроөнеркәсіптік кешен департаменті Отын-энергетика кешені департаменті Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті Ішкі аудит қызметі Мемлекеттік құпиялар, жұмылдыру дайындығы және ақпараттандыру басқармасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Әдеп жөніндегі уәкіл
Аумақтық бөліністер
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті
Басшылар Аты-жөніБасқарған және басқаруын аяқтаған уақытыЛауазымыХристиан Давидович Дриллер24 маусым 1991 — 15 шілде 1992Қазақ КСР жаңа шаруашылық құрылымдарын қолдау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Пётр Своик11 қаңтар 1993 — 11 сәуір 1996Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасыНиколай Радостовец22 сәуір 1996 — 13 қазан 1999Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасыҚазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасыҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасыҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасыАлтай Тілеубердин13 қазан 1999 — 13 желтоқсан 2000Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің төрағасыБерік Имашев13 желтоқсан 2000 — 22 қараша 2001Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің төрағасыЕрболат Досаев22 қараша 2001 — 16 маусым 2003Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің төрағасыҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасыОраз Жандосов16 маусым 2003 — 8 шілде 2004Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасыӘлиақпар Мәтішев2004 — 2008Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасыМәжит Есенбаев23 қаңтар 2008 — 2 ақпан 2012Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасыҒабидолла Әбдірахымов2 ақпан 2012 — 25 қаңтар 2013 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасыБолатбек Қуандықов25 қаңтар 2013 — қаңтар 2014 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасыСерік Жұманғаринтамыз 2014 — қаңтар 2017Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасыАзамат Майтиевшілде 2017 — тамыз 2019Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасыРустам Ахметовтамыз 2019 — қыркүйек 2020Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасыСерік ЖұманғаринЖұманғарин Серік Мақашұлы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы. inbusiness.kz 14 қыркүйек 2020 — 15 тамыз 2022Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасыМарат ОмаровБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды. www.inform.kz16 тамыз 2022 бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
Дереккөздер
Б