right|thumb| alt=A.|180 px|Абсорбция
Абсорбция — газ және сұйық күйдегі заттардың барлық массасы бойынша басқа затқа сорылуы.Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Машинажасау. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Физикалық химияда
Абсорбция — газ және сұйық кұрамындағы заттарды сұйық, сирегірек қатты заттар (абсорбенттер) көмегімен сіңіріп алу процесі. Оптикада — белгілі бір денеден өту барысында жарық ағымы энергиясы бөлігінің тұтылып қалуы.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Физикалық абсорбция
Физикалық абсорбция - абсорбат пен абсорбент арасында химиялық әрекетсіз өтетін абсорбция.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
Майлы абсорбция
Майлы абсорбция — газ немесе бу-газ қоспасының бір немесе бірнеше құрауышын әр түрлі құралғыларда сіңіргіш маймен еріту процесі; коксхимиялық өнеркәсіпте кокс газынан бензолды бөліп шығаруға, мұнай өңдеу өнеркәсібінде жасанды сұйық отын алуда,Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0 тағы басқа жерлерде қолданылады.
Абсорбер
Абсорбер — абсорбция жүретін құрылғы.
Экономикада Абсорбция-екі коммерциялық мекеменің қосылуы, олардың бірі - неғұрлым ірісі - келесісін бірыңғай ұйым құру мақсатымен жатады.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
Дереккөздер
Санат:Физикалық құбылыстар
nl:Absorptie