Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті — жер ресурстарын басқару, суармалы егіншілік және агромелиорация саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствосы.

Бұрынғы атаулары Жер ресурстарын басқару саласында біртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзіп, жер реформасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында 1991 жылы 11 қыркүйекте Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитет құрылды. Комитет құрамына Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi мен халық депутаттары облыстық Кеңестерi атқару комитеттерiнiң жерге орналастыру қызметi енді.Қазақ ССР Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы

Қазақ КСР Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (1991–1992, 1992–1997) ҚР Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (1992-1997) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (1997-1999) ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі (1999-2013)"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазан- дағы № 235 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 49, 462-бап). ҚР Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (2013-2014) ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (2014-2016–қазіргі уақытқа дейін) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (2016–қазіргі уақытқа дейін)

Міндеттері Реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ жер ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысу Жер ресурстарының ұтымды және тиімді басқарылуын қамтамасыз етуҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы

Қарамағындағы мекемелер Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық жер ресурстарын басқару департаменттері «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» ШЖҚ РМК «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» РММ «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы» РММ «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық мелиоративтік экспедициясы» РММ «Қызылорда гидрогеологиялық мелиоративтік экспедициясы» РММ

Басшылары Серік Ақымбеков (1992—1993) Бақыт Оспанов (1993—2007) Өмірзақ Өзбеков (2008—2011) Қадірхан Отаров (2012—2014) Қосман Айтмұхаметов (08—11.2014) Мархабат Жайымбетов (2015—2016) Ермек Карентаев (2016—2018) Серғазы Омаш (2018—2019) Гүлжаһан Бимендина (2019—2021) Мұрат Теміржанов (2021 жылдан бастап)

Дереккөздер

Ж