Геофизикалық карта - Жердің гравитациялық, магниттік, геотермиялық және т.б. өрісін бейнелейтін карта. Бұл карталар былайша сараланады: 1) геофизикалық түсірулер барысында алынған бақыланған өрістер карталары; 2) бақыланған өрістерді интерпретациялау нәтижесінде алынған трансформацияланған өрістер карталары; 3) Жер өрістерінің өлшенген не есептелген физикалық параметрлерінің картасы; 4) Жердің физикалық өрістерінің бейнесін геологиялық, тектоникалық және т.б. мәліметтермен ұштастыратын геологиялық-геофизикалық карталар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Карталар