Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті — инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомствосы.
Тарихы 1996 жылы ҚР Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылып, 1999 жылы ол ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі болып қайта ұйымдастырылды. 2000 жылы агенттік таратылып, функциялары мен өкілеттіктері ҚР Сыртқы істер министрлігіне берілді. 2002 жылы Инвестиция комитеті ҚР Сыртқы істер министрлігінен ҚР Индустрия және сауда министрлігіне, 2010 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, 2014 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне берілсе, 2018 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрамына кіреді.
Міндеттері Инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, инвестициялық жобалардың іске асыру және мониторинг шаралардың қамтамасыз ету"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Құрылымы
Төрағалары Ахметжан Есімов (1996—1998) Ораз Жандосов (1998—1999) Әнуар Сәйденов (01.1999-08.1999) Вадим Зверьков (2002) Ерлан Әбілдаев (06.2002-06.2003) Ерлан Аринов (2003—2006) Тимур Нұрашев (2006—2010) Асылхан Серіков (2010—2013) Ерлан Хаиров (02.2013-05.2016) Сапарбек Тұяқбаев (10.2016-11.2017) Ерлан Хаиров (01.2018-12.2018) Бақыт Батыршаев (03.2019-07.2019) Рустам Исатаев (08.2019-10.2020) Аскар Шоқыбаев (10.2020-08.2021) Ардақ Зебешев (09.2021-02.2024) Ғабидолла Оспанқұлов (02.2024 бастап)
Дереккөздер
И