Бағыныңқы программа (Подпрограмма; subprogram, subroutine) — 1) дербес мағынасы бар және программаның кез келген жерінен белгілі бір мәселені шешу үшін қайта-қайта шақырып жұмыс істеуге болатын программа бөлшегі; 2) басқа программаның бөлігі болып саналатын және программа құрылымына программалау тілі қоятын талапты қанағаттандыратын программа. Бағыныңқы программаға қатынау Бағыныңқы программаға қатынау (Обращение к подпрограмме; call, subroutine call) — бағыныңқы программалардың орындалу басын жасақтайтын программаны шақырушы машиналық командалар тізбегі: алғашқы мәліметтерді бағыныңқы программаға жеткізу, шақырушы программаға кері қайтуды дайындау және бағыныңқы программаның кірісіне, яғни оның бірінші орындалатын командасына басқаруды жеткізу. Жоғары деңгейлі программалау тілдерінде бағыныңқы программаны шақыру, процедура операторы немесе функцияны шақыру.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника