Сипаттама - 1) шаманың негізгі ерекшеліктерін анықтауыш; 2) графикалық тәуелділік немесе агрегатқа, механизмге лайықты шама. Сипаттама түрлері Амрлитуда-жиілік сипаттамасы - тұрақты амплитудада гармоникалық әсер етуінен ауытқу процесі кезінде амплитудалық мәндер түрінде механизмге, агрегатқа лайықты графикалық тәуелділік немесе шамаға берілген сипаттама мысалы: көлік құрамының рессордың жүйесіне берілуі. Шығу сипаттамасы - алынатын әсерлердің машинаға, механизмге, жүйеге кіретін шамадан тәуелділігі. Қозғауыштың сипаттамасы - қозғауыштың тиімді қуатының, меншікті отын шығынының және айналдырушы иінді күшінің иінді біліктің айналу жиілігіне тәуелділігі. Динамикалық сипаттама - уақыт факторының әсер етуінен, соның ішінде әр-түрлі жылдамдықтың өзгеруінің әсерінен шығу сипаттамасы. Карбюратор сипаттамасы - жанушы қоспа құрамы мен отынның шығындалу арасындағы тәуелділік. Жүктемелік сипаттама - уақыт жүйесінен агрегаттың жүктемелік тәуелділігі. Жылдамдық сипаттамасы - агрегаттың жетектегі иінінің немесе көлік құралының жылдамдығының уақытка немесе жүріп өткен жолына тәуелділігі. Статикалық сипаттама - уақыт факторының қатысуынсыз алынған талаптардың шығу сипаттамасы мысалы: серіппеге түскен ауыртпалыққа тәуелділігі. Техникалық сипаттама - өнімнің негізгі шамаларын, ерекшеліктерін қолданылуын сипаттайтын құжат. Жанармай сипаттамасы - көліктік құралдың жолға кеткен шығынының жүру жылдамдығына тәуелділігі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006. Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника Санат:Транспорт

ru:Техническое задание