нобай|ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғимараты нобай|оңға|Бірнеше институт (соның ішінде Пәлсапа, Археология, Тарих, этнография, Тіл білімі институттары) орналасқан «Ғылым ордасы» ғимараты. Алматы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Тарихы 1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым.
КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды.
Қазақстан Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының атауы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертілді."Республиканың ғылымын ұйымдастыруды және ғылыми-техникалық қуатын дамытуды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы № 1090 Жарлығы
1994 жылы 9 ақпанда Президент Жарлығымен Ұлттық ғылым академиясына қызметiн өзiн-өзi басқару принциптерi негiзiнде жүзеге асыратын жоғары мемлекеттiк ғылыми мекеме мәртебесi берілді.Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесi және ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы
1996 жылы 11 наурызда Президент Н. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Үкімет құрамына кіретін Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі — Ғылым академиясы деп аталатын орталық атқарушы органға біріктірілді.Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Министрлік басшысы әрі Ғылым академиясының президенті болып Владимир Школьник тағайындалды. Ғылым министрлігі — Ғылым академиясы Ұлттық ғылым академиясының ізбасары ретінде құрамына бұрынғы академияның толық мүшелерiн (академиктерін), корреспондент мүшелерiн, шетелдік және құрметті мүшелерін біріктірді.
1999 жылы 12 ақпанда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде қайта құрылды.Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы Академияның бұрынғы ғылыми-зерттеу институттары сол жылы қаңтарда құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағында қалды.
2003 жылы 31 наурызда Президент Жарлығымен Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына қосылды."Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
2003 жылы 21 қазанда Президент Н. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның жетекші ғалымдарының «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігін құру туралы бастамасы мақұлданып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды. Академия мемлекеттік мәртебеден айырылып, қоғамдық ұйымдардың қатарында жұмыс істей бастады."Қазақстан Республикасында ғылыми қызметті ұйымдастыру жүйелерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы № 1208 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). 2003 жылы 30 қазанда химик ғалым, бұрынғы Білім министрі, Яссауи университетінің тұңғыш ректоры Мұрат Жұрынов академия президенті болып сайланды.
2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
2023 жылы 27 наурызда Президент Қ. Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді. 2023 жылы 11 сәуірде Үкімет Президенттің Жарлығын орындау үшін «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулы шығарды.ҚР ҰҒА тарихы
2023 жылы 12 сәуірде биология ғылымдарының докторы, қазақстандық өнертапқыш, биотехнолог ғалым Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды.Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды
2024 жылы 22 қаңтарда ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик, бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды.ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды
2024 жылы 1 шілдеде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң қабылданды. Жаңа заңда Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасының жалғыз жоғары ғылыми ұйымы болатыны бекітілді.
2024 жылы 30 желтоқсанда Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық-құқықтық нысаны коммерциялық емес акционерлік қоғамнан жоғары ғылыми ұйымға ауысты.Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы
2025 жылы 27 наурызда ғалымдарды ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясына шоғырландыру мақсатында «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігін тарату туралы шешім қабылданды.Ұлттық ғылым академиясы таратылды
Қызметі әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді; бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді; ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру; ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу; ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; ғылыми журналдар шығару; халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу; ғылымды танымал етуге қатысуҚазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңы
Академия президенттері №Басқарған жылыАты-жөніСаласы11946—1952Қаныш Сәтбаевтау-кен ісі21952—1955Дінмұхамед Қонаевметаллургия31955—1964Қаныш Сәтбаевтау-кен ісі41964—1967Шапық Шөкинэнергетика51967—1974Шахмардан Есеновгеология61974—1986Асқар Қонаевметаллургия71986—1988Мұрат Айтхожинбиология81988—1994Өмірзақ Сұлтанғазинматематика91994—1996Кенжеғали Сағадиевэкономика101996—1999Владимир Школьникядролық физика111999—2002Нағима Айтхожинабиология122002—2003Серікбек Дәукеевгеология132003—2025Мұрат Жұрыновхимия142023—2024Күнсұлу Закариябиология152024 бастапАқылбек Күрішбаевауыл шаруашылығы
Академия ғимараты Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген.Алматыдағы Ұлттық Ғылым Академиясының жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді: Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапхана Табиғат музейі Археология музейі Сирек кездесетін кітаптар музейі Қазақстан ғылымының тарихы музейі Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Философия, саясаттану және дінтану институты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты Математика және математикалық модельдеу институты Экономика институты Ақпараттық және есептеу технологиялары институты
Басқару органдары 2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары: жоғары орган – қамқоршылық кеңес; өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы; консультативтік-кеңесші орган – төралқа; атқарушы орган – басқарма.
Қамқоршылық кеңес Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі.
Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады: Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау; ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу; Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау; Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
Академиктердің жалпы жиналысы Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті.
Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады: өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау; құрметті атақтар мен наградалар беру; Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау; Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
Төралқа Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады.
Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады: Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру; кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;