Жанышталу белдемі - геологиалық даму тарихы бір-біріне үқсамайтын екі блоктың өзара жапсарласу өңіріндегі терең жарылым аймағынан көрініс беретін, динамометаморфизм және жапсарлы метаморфизм жағдайында өзгерістерге ұшыраған, сол сияқты күрделі түрде қатпарланған және жік-жапсарланған таужыныстардан тұратын, біршама ұзақ қашықтықтарға сағаланатын (ондаған, тіпті жүздеген км) белдемдер. Мұндай белдемдер планетаның терең қойнауларында қалыптасқан магмалардың, басқа да жоғары температуралы эманациялардың жоғары көтерілуіне өте қолайлы. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология