Орындау (Выполнение; action, execution, run) — электронды есептеу техникасы құралдары арқылы командада, тапсырыста, программада көрсетілген белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыру.
Есепті орындау Есепті орындау(Выполнение задачи; running) — орындалатын программаның оған процессор тағайындалуымен сипатталатын күйі. Жеке қадамдар режімінде орындау Жеке қадамдар режімінде орындау (Выполнение в пошаговом режиме; single-stepping) — программаны байқау режімінде қолданылатын әдіс. Мұнда әрбір команда орындалған соң программа тоқтатылып, нәтиже мен жадтың жағдайы тексеріліп отырады. Команданы орындау Команданы орындау (Выполнение команды; instruction execution) — есептеу жүйесі құрылғысының оған берілген команданы интерпретациялауы. Тапсырманы орындау Тапсырманы орындау (Выполнение задания; job action) — тапсырманы өңдеудің екінші фазасы. Мұнда оның негізгі функциясы — проблемалық программаны орындау жүзеге асырылады. «Орындау» командасын пайдаланудың ерекше жағдайы «Орындау» командасын пайдаланудың ерекше жағдайы (Особый случай употребления команды «Выполнить») — «Орындау» командасына бағынатын команда өзі болып табылатын жағдай. Орындау уақытының объектісі, rt-O. Орындау уақытының объектісі, rt-O. (Объект времени выполнения; runtime object, rt object) — гипермедиада — оның моделі бойынша орындау уақытында құрылған объект. Орындау фазасы Орындау фазасы (Фаза выполнения; execute phase) — тапсырманы өңдеу кезеңі. Осы кезеңнің барысында аударылған программа орындалады.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника