Хромтау ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1935 жылы құрылған. Жер аумағы 12 900 км². Орталығы – Хромтау қаласы.

Географиялық орны Хромтау ауданы солтүстік-батысында Қарғалы ауданымен, батысында Ақтөбе қаласымен, оңтүстігінде Мұғалжар, Алға, шығысында Әйтеке би аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. Аудан жері Мұғалжар тауының қырқалы-төбелі солтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Батысы мен орталық тұсы көтеріңкі дөңес келген. Ең биік жері 487 м. Шығысы мен оңтүстік-шығысы сай-жыралармен тілімделген жазық. Бұл жағы Торғай үстіртінің біраз бөлігін алып жатыр. Аласа келген Никельтау (432 м), Бақай (436 м), Шұқыртау (462 м), Бәйментау (456 м), Әулиемола (320 м), т.б. таулары бар. Жер қойнауынан хромит, никель, мыс, мырыш, тас көмір, құрылыс материалдары барланған.

Климаты Ауданның климаты тым континенттік. Қысы суық, ызғарлы, жазы жылы әрі қуаң. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –16 — 18°С, шілдеде 21 — 23°С. Қыс айларында температура кейде –44°С-қа дейін төмендейді, ал жаз айларында 42 °C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 300 миллиметр. Аудан жерімен Жақсы Қарғалы, Ор, Қызылқайың, Ойсылқара, Ақтасты, Дүбір, Сармырза, Қарабұтақ, Тамды, т.б. өзендер ағады. Ор, Жақсы Қарғалы өзендерінде шағын бөгендер салынған. Өзендері түгелдей дерлік Жайық және Елек өзендерінің саласы саналады.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Аудан жерінің топырағы негізінен құрғақ дала белдеміне тән сұр, сортаңды сұр (оңтүстік.-батысы мен оңтүстік-нде) қоңыр, бозғылт қоңыр (кейде қызғылт қоңыр) топырақ болып келеді. Өзен аңғарларында шалғынды сұр, шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысын боз, бетеге, жусан, ши, тал, су айдындары бойын қамыс, құрақ құрайды. Жануарлар дүниесінде қасқыр, түлкі, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан, т.б. дала ландшафтысына тән аң-құстар мекендейді. Хромтау ауданында халық біркелкі қоныстанған.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 19781 29657 39036 42112 47471 43814 39748 43579 Тұрғындар саны 42951 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (79,00%), орыстар (12,76%), украиндар (3,82%), немістер (1,27%), татарлар (0,82%), басқалары (2,32%). Халықтың 1км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 3,32 адам.

Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 28 елді мекен 1 қалалық, 1 ауылдық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Абай ауылдық округі Абай ауылы 2 366 Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылы 2 2566 Аққұдық ауылдық округі Аққұдық ауылы 1 675 Бөгетсай ауылдық округі Бөгетсай ауылы 2 1538 Дөң ауылдық округі Дөң ауылы 2 3468 Көктау ауылдық округі Көктау ауылы 1 2174 Көктөбе ауылдық округі Майтөбе ауылы 2 484 Қопа ауылдық округі Қопа ауылы 2 1263 Құдықсай ауылдық округі Құдықсай ауылы 2 322 Қызылсу ауылдық округі Сарысай ауылы 2 856 Некілтау ауылдық әкімдігі Некілтау ауылы 1 925 Табантал ауылдық округі Табантал ауылы 3 540 Тасөткел ауылдық округі Тасөткел ауылы 3 517 Тассай ауылдық округі Тассай ауылы 2 555 Хромтау қалалық әкімдігі Хромтау қаласы 1 29579

Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Хромтау 29579 Дөң 3089 Ақжар 2270 Көктау 2174 Бөгетсай 1430 Некілтау 925 Қопа 723 Аққұдық 675 Тамды 540 Сарысай 500

Шаруашылығы Ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, биязы жүнді қой және етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 5 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендіріп, 3 АҚ, 7 ӨК, 96 ЖШС және 1200-ден астам шаруа қожалықтары құрылды. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 346,8 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 124,5 мың га, шабындығы 2,7 мың га, жайылымы 219,3 мың гектар. Мал шаруашылығында 35,1 мың қой мен ешкі, 2,0 мың жылқы, 5 мың түйе болды (2006). Аудан өнеркәсібінің негізін хромит кені негізінде жұмыс істейтін “Дөң кен байыту комбинаты” құрайды. Одан басқа бірнеше ірі кәсіпорындар (“Керамика”, “Рахат-21” АҚ-дары, “Сауда орталығы”, “Әділ” ЖШС-тері, т.б.) жұмыс істейді. Соңғы жылдары құрылыс саласындағы кәсіпорындар (қыш, кірпіш, әйнек, темір-бетон з-ттары, т.б.) іске қосылды.

Инфрақұрылымы Әлеуметтік-мәдени салада жалпы білім беретін 38 мектеп, 1 кәсіптік-техикалық мектеп, 3 балабақша, кеншілер мәдениет үйі, мешіт, стадион, 32 мәдениет мекемесі, ауданы. мекемелер, аурухана, 29 фельдшафт-акушерлік пункт, “Мұғалжар” демалыс базасы, 5 тарихи-археологиялық және табиғат ескерткіштері бар. Аудан жерімен республикалық маңызы бар Атырау — Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай т. ж., Орал — Ақтөбе — Хромтау — Қостанай автомобил жолы өтеді.“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

thumb|left|250px|Хромтау ауданындағы темір жол вокзалы

Дереккөздер

Санат:Хромтау ауданы