Заттардың тендестігі – геологияда: түп таужыныстар мен олардың әр түрлі өзгерістерге ұшырауы нәтижесінде қалыптасқан жаңа таужыныстар (метаморфтық таужыныстар, метасоматиттер) арасындағы қарым-қатынастарды сипаттайтын мөлшерлік шама. Осы шаманы нақтылау барысында жүргізілетін арнаулы есептеулер өзгермелі және өзгерген тау жыныстары құрамындағы орбір құрамбөліктің мөлшерлік өзгерістерін анықтауға, яғни таужыныстар өзгерістерінің бүкіл болмыс- бітімін сипаттауға мүмкіңдік береді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология