thumb

Тунгус метеориті – планетаралық кеңістіктен Ресей жеріне келіп түскен метеорлық дененің қалдығы. 1908 жылы 30-маусымда, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7-де Красноярск өлкесінде байқалған, метеориттің құлап түсуін елестететін, (бірақ одан өзінің масштабы жағынан үлкен болып келген) өте сирек кездесетін табиғи құбылыс. Аспанда Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қозғалған өте жарық болид бірнеше секунд бойы көрінді. Ол Шығыс Сібірдің радиусы 800 км-ге дейінгі аумағында байқалды. Болидтің қозғалған жолында қуатты тозаң ізі бірнеше сағат бойы сақталып тұрды. Қопарылыс әсері 1000 км-ден астам қашықтыққа сезіліп, қатты гүрсіл естілді. Шаң көтеріліп, үйлер селкілдеп, терезе әйнектері сынды. Иркутскіде, сондай-ақ Батыс Еуропаның бірқатар жерлерінде орналасқан сейсмографтарсейсмикалық толқынды тіркеді. Осы құбылыстың эпицентрін алғаш рет 1927 жылы кеңес минералогы Л.А. Кулик зерттеді. Ол эпицентр маңындағы радиусы 15 – 30 км жердегі ағаштардың радиал бағыт бойынша құлап түскенін анықтады. Қопарылыс кезінде шамамен 1023 – 1024 эрг энергия бөлініп шыққандығы есептеліп табылды. 1938 – 39 жылы құлаған ағаштардың орталығы бөлігіне аэрофототүсіру жүргізілді. Тунгус метеоритін жер атмосферасына ғарыштық жылдамдықпен енген шағын комета деп есептейтін жорамал бар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Сілтеме

Quasi Three-Dimensional Modeling of Tunguska Comet Impact (1908) Dr. Andrei E. Zlobin, Paper of 2007 Planetary Defense Conference. Discovery of probably Tunguska meteorites at the bottom of Khushmo river's shoal Dr. Andrei E. Zlobin, Paper 1304.8070 in arXiv.org (PDF) Tunguska similar impacts and origin of life Dr. Andrei E. Zlobin, article in electronic journal "Modern scientific researches and innovations." – желтоқсан 2013. - № 12.

Санат:Метеориттер