«Жылдың төрт мезгілі» - «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан» 1962 ж. жарық көрген Абай өлеңдерінің жинағы. Жинақта ақынның жылдың төрт мезгіліне арналған: «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдері топтастырылған. Ақынның табиғат тақырыбындағы бұл шағын жинағын суретші И. Исабаев көркемдеп, әр өлеңнің мазмұнын ашуға көп еңбек сіңірген. Көлемі 2,5 б. т., 18 мың дана болып басылғанАбай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Санат:Абай энциклопедиясы