Раушан-диаграммаҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 – қиғаш қабатшалардың, ағыс иірімдері үймектерінің, таужыныстардағы бағдарланған кірікпелердің немесе сынықты түйірлердің жарықшақтардың және тағы басқа құлау азимуттарының өлшемдерін бейнелейтін график. Өлшемдер азимуты бойынша дөңгелекке белгіленеді, азимуты бірдей нүктелерді қабылданған масштабта көрсетеді. Пайда болған радиустарды бір-бірімен қосады. Жекелеген өлшемдер сызық түрінде көрсетіледі.

Дереккөздер

Санат:Геология