Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шекаралас.
Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15,8 мың км, шығысынан батысына 19,5 мың км созылып жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179,7 млн км², орта тереңдігі 3984 м, көлемі 723,7 млн км³ (теңізсіз есептегенде 165,2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707,6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасы).BBC. Oceans' deepest depth re-measured Тынық мұхитындағы 180-меридиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.
Этимология Алғаш болып Тынық мұхитын көрген испандық Васко Нуньес де Бальбоа. Ол 1513 жылы өз серіктестерімен Панама мойнағын кесіп өтіп, белгісіз мұхитқа шығады. Олар мұхитқа оңтүстіктегі ашық шығанақ арқылы шыққандықтан, Бальбоа бұл мұхитты Оңтүстік теңіз () деп атады. 28 қараша 1520 жылы Фернан Магеллан алғаш болып мұхитқа шықты. Ол Отты Жер архипелагынан Филиппин аралдарына дейін 3 ай 20 күнде мұхитты кесіп өтті. Осы уақыт бойы ауа райы бір қалыпты тынық болды, сол себепті Магеллан бұл мұхитты Тынық мұхит деп атады. 1753 жылы француздық географ Ж.Н. Бюаш Тынық мұхитын Ұлы мұхит () атауды ұсынды, әлемдегі ең үлкен мұхит болған себепті. Бірақ бұл атауды көпшілік қабылдамады, әлемдік географияда сөзі басым ағылшын тілді елдердің қалауымен «Тынық мұхиты» () болып қала берді.
1917 жылға дейін жер аударған орыс картасында Шығыстық мұхит деп аталды.
Физика-географиялық сипаттамасы +Мұхиттардың негізгі морфологиялық сипатыАтлас океанов. Термины, понятия, справочные таблицы.— М.: ГУНК МО КСРО, 1980. С. 84—85 Мұхиттар Су ауданы, млн км² Көлем, млн км³ Орташа тереңдігі, м Мұхиттың батулары, м Атлант мұхиты 91, 66 329, 66 3597 Пуэрто-Рико шұңғымасы (8742) Үнді мұхиты 76, 17 282, 65 3711 Зонд шұңғымасы (7729) Солтүстік Мұзды мұхит 14, 75 18, 07 1225 Гренланд теңізі (5527) Тынық мұхит 178, 68 710, 36 3976 Мариана шұңғымасы (10 994) Әлемдік 361, 26 1340, 74 3711 11 022 Жалпы мағлұмат Әлемдік мұхиттардың 49, 5% алатын және 53% суы бар Тынық мұхиты ғаламшардағы ең үлкен мұхит болып табылады. Шығысынан батысына 19 мың км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 16 мың км созылып жатыр. Оның суы оңтүстігінде көбірек, ал солтүстігінде аз болып келеді. Тынық мұхиты батыс жағасында Оңтүстік және Солтүстік Америка, шығыс жағасымен Аустралия мен Еуропаны, ал оңтүстігінде Антарктиданы шайып жатыр. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитымен шекарасы Дежнев мысынан Уэльс Ханзадасы мысына дейінгі Беринг бұғазы. Атлант мұхитымен шекарасын Горн мысынан 68°04’ меридианға дейін немесе қысқасы Оңтүстік Америкадан Антарктида аралдарына дейін Дрейк бұғазы арқылы, Осте аралынан Штернек мысына дейін, Үнді мұхитымен шекарасы Аустралияның оңтүстігіне қарай Бассов бұғазының шығыс шекарасымен Тасмания аралдарына дейін, одан әрі 146°55’ меридианымен Антарктидаға дейін, Аустралияның солтүстігіне қарай Андаман теңізі мен Малак бұғазымен, оңтүстік-батыс жағалауында Суматра аралдарымен, Зонд бұғазымен, оңтүстік жағалауында Ява аралдарымен, Бали және Саву теңіздерінің оңтүстігімен, Арафур теңізінің солтүстігімен, Жаңа Гвинеяның оңтүстік батысымен және Торресов бұғазының батысымен шектесетін аралықта жатыр.
Теңіздер Тынық мұхитындағы теңіз, бұғаз және шығанақтар ауданы 31,64 млн км² құрайды. Теңіздердің басым бөлігі батысында, Еуразиямен шекарасында: Беринг теңізі, Охот, Жапон, Ішкі Жапон, Сары, Шығыс-Қытай, Филиппин.
Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары арасындағы теңіздер: Оңтүстік-Қытай, Ява, Сұлу, Сулавеси, Бале, Флорес, Саву, Банда, Серам, Хальмахера, Молукк; Аустралия жағалауында: Жаңа-Гвинея, Сүлейман, Коралл, Фиджи, Тасман; Антарктидадағы теңіздер (кейбір кезде бұларды Оңтүстік мұхитқа жатқызады): Росса, Амундсена, Беллинсгаузен. Оңтүстік Америка жағалауында теңіздер жоқ, бірақ үлкен шығанақтар кездеседі: Аляска, Калифорния, Панама.
Аралдар
Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі. Олардың көбі маржандар түзіп, ақыр соңында мұхит түбіне кетіп, ал кейбіруелері өз соңынан маржан сақиналарын қалдырған. thumb|Микронезия, Меланезия және Полинезия Арал ауданы мен көптігінен Тынық мұхиты жоғары сатыда тұр. Мұхитта елді аралдарда кездеседі: Жаңа Гвинея (829, 3 мың км²) және Калимантан (735, 7 мың км²). Өзгеде ірі аралдары және архипелагтары - Азияда: Командор аралдары, Сахалин, Курил аралдары, Жапон аралдары (Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку, Рюкю аралдары), Тайвань, Хайнань, Филиппин аралдары (Лусон, Минданао, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро), Үлкен Зонд аралы (1485 мың км² осы қатарлы Калимантан, Суматра, Сулавеси, Ява, Банка), Кіші Зонд аралдары (Тимор, Сумбава, Флорес, Сумба); Океанияда: Молукка аралдары (Серам, Хальмахера), Жаңа Гвинея, Бисмарк архипилагы (Жаңа Британия, Жаңа Ирландия), Сүлеймен аралдары (Бугенвиль), Жаңа гебридтер, Жаңа Каледония, Луайоте аралдары, Фиджи аралдары (Вити-Леву,Вануа-Леву), Мариана аралдары, Тувалу, Тонга, Туамоту, Маршалл аралдары, Гавай аралдары (Гавайи), Жаңа Зеландия (Солтүстік және Оңтүстік аралдары); Солтүстік Америкада: Әулие Лаврентия, Алеут аралдары, Александр архипелагы, Шарлотта патшайым аралы, Ванкувер; Оңтүстік Америкада: Галапагос аралдары, Чили архипелагы (Чилоэ), Отты Жер (Отты Жер);"Coral island", Encyclopædia Britannica. Retrieved 22 маусым 2013."Nauru", Charting the Pacific. Retrieved 22 маусым 2013. Антарктидада: Палмер архипелагы, Оңтүстік Шетланд аралдары.
+center|500x165px center|500x165px center|500x165px center|500x165px Оңтүстік Курильсктегі күннің батуы Ғарыштан көрініс. Калифорнияға таяу дауыл Росса теңізіндегі мұз үстіндегі контейнеровоз
Мұхиттың қалыптасу тарихы Пангея құрлығы мезозой дәуірінде Гондвана мен Лавразияға ыдырағанда, оны қоршаған Панталассаның ауданы кішірейе бастады. Мезозойдың соңына қарай Гондвана мен Лавразия бөлініп, олардың бөлінуіне қарай Тынық мұхиты қалыптаса бастады. Юра дәуірінде тынықмұхиттық бытқыл маңында мұхиттық төрт тектоникалық тақталар түзілді: Тынық мұхиттық, Құла, Фараллон және Феникс."Физическая география материков и океанов" Солтүстік-батыс Құла тақтасы Азия құрлығының шығыс және оңтүстік-шығыс төңірегіне жылжыды. Солтүстік-шығыс мұхиттық тақта Фараллон Аляска, Чукотка және Солтүстік Американың астына жылжыды. Оңтүстік-Шығыс тақтасы Феникс Оңтүстік Американың астына сүңги бастады. Бор дәуірінде оңтүстік-шығыстық Тынық мұхитының мұхиттық тақтасы сол уақыттағы бір болған Аустра-Антарктикалық құрлық маңының шығысына салдарынан қазіргі Жаңа Зеландиялық жонның және Лорд-Хау мен Норфолк су асты үстірттерінің кесегі құрлықтан тебіліп кетті."Life in the sea: Pacific Ocean" , Oceanário de Lisboa. Retrieved 9 маусым 2013. Кешірек борда Аустра-Антарктикалық құрлықтың жарылуы басталды. Аустралиялық тақта бөлініп, экваторға жылжи бастады. Тынықмұхиттық тақта олигоценде бағытын солтүстік-батысқа ауыстырды. Кешірек миоценде Фараллон тақтасы екіге бөлінді: Кокос және Наска. Құла тақтасы солтүстік-батысқа жылжи отырып, толықтай (Тынықмұхиттық тақтаның солтүстік бөлігімен бірге) Еуразия мен прото-Алеут науасының астына кетті. Бүгінде тектоникалық тақталар қозғалысы жалғасуда.
Бұл қозғалыстың өзегі орта-мұхиттық риф аймақтары Оңтүстік-Тынықмұхиттық пен Шығыс-Тынықмұхиттық артулары болып табылады. Бұл аймақтың батысына қарай Еуразия және Аустралия тақталарының астына жылына 6-10 см жылдамдықпен қозғалып жатқан ең үлкен Тынықмұхит атты тақта орналасқан. Тынықмұхиттық тақта батыста Филиппин тақтасын солтүстік-батысқа, яғни Еуразиялық тақта астыны жылына 6-8 см жылдамдығымен ығыстыруда. Орта-мұхиттық риф аймақтарының шығысында: солтүстік-шығысында жылына 2-3 см жылдамдықпен Солтүстік-Америка тақтасы астына қозғалып бара жатқан Хуан де Фука тақтасы; орталық аймағында солтүстік-шығысқа бағытталған Кариб литосфералық тақтасы астына қарай жылына 6-7 см жылдамдықпен жылып жатқан Кокос тақтасы; оңтүстікке қарай шығысқа бағыт алған Оңтүстік-Америка тақтасының астына қарай жылына 4-6 см жылдамдықпен қозғалатын Наска тақталары орналасқан.Porter, Jonathan. (1996). Macau, the Imaginary City: Culture and Society, 1557 to the Present. Westview Press. ISBN 0-8133-3749-6
Геологиялық құрылысы мен жер бедері 300px|thumb|Тереңдік картасы
Құрлықтың су асты маңайы Құрлықтың су асты жақтаулары Тынық мұхитының 10% аумағын алып жатыр. Қайраңның бедерінде трансгрессивті жазықтық пен субаэралды қалдықтар бейнеленген. Мұндай нысандары Ява қайраңында және Беринг теңізінің қайраңындағы суасты өзен бойындағы тән болып келеді. Корей қайраңы мен Шығыс-Қытай қайраңында кеңінен тараған жоталы бедер, олар ағыстан қалыптасқан. Экваториялық-тропикалық қайраңда көбіне кораллды құрылымдар бар. Антарктикалық қайраңның көп бөлігі 200 м тереңдікте, үсті бөлшектенген, суасты төбелерінің тектоникалық табиғаты терең депрессияланған. Солтүстік Америка құрлықтық баурайы суасты шатқалдары қатты бөлшектенген. Құрлықтық баурайында үлкен суасты каньондар Беринг теңізінде көп.
Жаңа Зеландияның суасты атырабыда өзіндік материктік құрылымы бар. Ауданы аралдырынан 10 есе үлкен. Бұл суасты Жаңазеландиялық платоны Кэмпбелл Чатам және олардың арасындағы Баунки ойпаты құрайды. Барлық жағынан бұл материктің шекаралас құрлықтық баурай шектейді. Бұл кеш мезозойлық суасты жотаны Лорд-Хау қамтиды.
Өтпелі аймақ Тынық мұхитының батыс атырабында орналасқан өтпелі аймақтар: Алеуттік, Курил-Камчаттік, Жапон, Шығыс-Қытай, Индонезиялық-Филиппиндік, Бониндік-Мариандық (мұхиттын ең төменгі нүктесінен — Мариан шығанағы, тереңдігі 11 022 м), Меланезиялық, Витязевтік, Тонга-Кермадек, Маккуорилік. Бұл өтпелі аймаққа: шектеулі терең теңіз, окоптар, шекті теңіздер, аралдың доғаланған түрлері кіреді. Шығыс шетіндегі өтпелі аймақтарда орналасқан: Орталық-Америкалық және Перуан-Чилилік.
Өтпелі аймақтарға вулканизм және жоғары сейсмикалық құбылыс тән, олар Тынық мұхиттың шалғай аймағына жер сілкінісі және қазіргі заманғы вулканизм қалыптастырады. Тынық мұхитындағы өтпелі аймақтар екі эшалон түрінде көрінеді, ең жастары мұхиттың қыртыс шекарасында орналасқан және одан көп жетілген мұхит бөлінген және аралдық доғаларда кездеседі.
Су түбіндегі бөліну Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконг және т.б Азияның ірі теңіздері Тынық мұхитқа жылына 1767 миллион тонна шөгінді алып келеді. Мұндай аллювийдің барлығы мұхит алабында қалып қояды. Юкон, Колорадо, Колумбия, Фрейзер, Гуаяс секілді Американың ірі теңіздері Тынық мұхитына 380 миллион тонна шөгінді алып келеді және салмақталған заттың 70—80 % мұхитқа толығымен құйылады, қайраңының шағын ені осының әсерінен қалыптасқан.
Тынық мұхит жылы кең таралған қызыл балшық, әсіресе солтүстік жарты шарда. Бұл мұхит бассейндерінің үлкен тереңдігіне байланысты. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік белдеулерде орналасқан, кремнийлі радиоляриялар шөгінділері анық экваторлық белдікте екенін білдіреді, сондай-ақ екі кремнийлі диатомдар балдырлардың аймағы да бар.
+ center|400x135px center|400x135px center|400x135px center|400x135px Камчатка. Авачин бухта Жанартаудың атқылауы Савайи (Самоа) 1905 жылы Тынықмұхиттық тайфунның схемасы 1980—2005 жылдары Тропикалық циклондар Саомай (оң жақ) және Бопха, 8 сәуір 2006 жыл
Климаты thumb|right|250 px|Эль Нинью мен Ла Нинаның Солтүстік Америкаға ықпалы thumb|right|Тайфун