РинколитҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2— силикаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: (Na,Са,Се)3Ті[Sі2O7](Ғ,OН,O) 2 Сингониясы — моноклиндік, кристалдары ұзын призма, кейде тақта тәрізді. Түсі — сұрдан қараға дейін, жылтырлығы —майдай; қаттылығы — 5, жіктілігі жетілген, меншікті салмағы — 3,3-3,5. Ринколит нефелинді сиенитгер мен пегматиттерде кездеседі.
Дереккөздер
Санат:Геология