Аристократия (, «ең таңдаулылардың билігі»; – «текті, асыл текті», – «билік, күш»)Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 бет. ISBN 9965-808-89-9 — мемлекеттік басқару нысаны, онда билік қоғамның таңдаулы, текті топтарының қолында болады. Бұл басқару түрі жеке мұрагерлік билікке негізделген монархиядан, жеке сайланатын билікке негізделген тираниядан немесе демократиядан ерекшеленеді.

Термин шыққан Ежелгі Грекияда аристократия бастапқы мағынасында «ең таңдаулылардың үстемдігі» деп түсіндірілген.Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и изречениях знаменитых философов. VIII. 3 Мұнда әрбір аристократ белгілі бір ізгі қасиеттерге ие, қоғамның өзге мүшелерінен артық саналған. Осыған ұқсас көзқарастар ортағасырлық Батыс Еуропада (рыцарлық ізгі қасиеттер ұғымы) және Ежелгі Қытайда (алты өнер ілімі) да кездескен. Бұл түсініктер бойынша аристократ белгілі бір ұжымда, рудың, қаланың, аймақтың немесе мемлекеттің шеңберінде ең лайықты тұлға ретінде қабылданған.

Дереккөздер

Санат:Мемлекет түрлері Санат:Саясат әлеуметтануы