Күлбадан Абайқызы (1862-1932) - Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы.

Оны Абай жас кезінде Семейге орыс мектебінде оқытқан. Күлбадан Дүтбай Уандықұлының інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүйсеке өлген соң Күлбаданды әмеңгерлік жолмен Дүтбай алған. Күлбадан Дүйсекеден - Хамза, Дүтбайдан - Мүкен, Мұхтар, Мұштар, Мәкен, Қадиша деген балалары тараған.

Күлбадан туралы мәліметтер Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық музейі қорында сақталып келеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:1862 жылы туғандар Санат:1932 жылы қайтыс болғандар Санат:Абай Құнанбайұлы