Стереографиялық проекцияҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 (грекше stereos— көлемдік) — кристалдағы кристаллографиялық және оптикалық бағыттарды жазықтықта бейнелейтін проекция. Проекциялау радиусы кристалдың центрінен тарайтын сфера арқылы жүргізіледі. Стереографиялық проекцияның нақты стереографиялық және гномостереографиялық деген екі түрі бар. Біріншіде — кристалдың жақтары мен қырлары сфераның бетімен қиылысқанша жалғастырылады, мұнда жақтары сферада доға, ал қырлары нүкте болып түседі. Екіншіде — жақтарын радиус-нормальдармен, ал қырларын жазықтық-нормальдармен ауыстырады. Олардың сферамен қиылысқан жерінде жақтары — нүкте, ал қырлары — доғалар түзеді.

Дереккөздер

Санат:Геология