Стратиграфиялық бөлімшеҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 -органикалық қалдықтарды кіріктіруі немесе өзге де ерекшеліктері тұрғысынан дараланатын, жер қыртысына тән, рет ретімен қат-кабаттала қалыптасқан түзілімдер арасында өзіндік орнымен сипатталатын шөгінділердің, не шөгінді таужыныстардың (шөгіңді-жанартаутекті таужыныстардың) нақтылы қабатгары. Әрбір стратиграфиялық бөлімше тек өзіне ғана тән геологиялық көнелікпен сипатталады. Бірегей стратиграфиялық шкалада алты түрлі стратиграфиялық бөлімше дараланған, олар бір-бірімен иерархиялық бағыныштылық заңдылығына сәйкес орайласады; ең ірі стратиграфиялық бөлімше "акротема" деп аталады, олар "эонотемаларға" жіктеледі; эонотемалар, өз кезегінде, бірнеше топтарды біріктіреді. Мысалы, фанерозой эонотемасы палеозой, мезозой және кайнозой топтарына жіктелген; фанерозойдың бұл үш тобы, өз кезегінде, 12 жүйеге бөлінеді (палеозойда: кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь жүйелері, мезозойда: триас, юра және бор жүйелері, ал кайнозойда: палеоген, неоген және антропоген жүйелері); әрбір жүйе екі немесе үш бөлімнен, әрбір бөлім бірнеше жікқабаттардан, ал әрбір жікқабат бірнеше белдемдерден тұрады. Бұлармен қатар, серия, свита, буда сияқты жергілікті стратиграфиялық бөлімшелер де жиі қолданылады. Мысалы Қарабастау свитасы, Бозтөбе свитасы Синонимі: стратиграфиялық бірлік. Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Геологиялық кезеңдер