Николай Степанович Гаев (26.7. 1921, Ресей, Қорған облысы Юргамыш ауданы Медвежье с.-17.2.2001, Алматы) - суретші.
Қондырғылы және кітап графикасы, экслибрис саласында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстанның халық суретшісі.
Ол Абайдың Семейдегі әдеби-мемориал музейінің тапсырысы бойынша 1968 ж. ақынның достары: С.С.Гросс, Н.Я.Коншин, П.Д.Лобановский, Е.П.Михаэлистің, балалары: Әбдірахман, Ақылбай, Мағауия мен інісі Оспанның портреттерін жазған (барлығы қағаз, қарындашпен орындалған; Абайдың мемлекеттік қорық мұражайы қорында). Гаев ақынның туғанына 125 жылдық мерейтойына арналған альбом жасауға да атсалысқан. Ақынның «Менсінбеуші ем наданды» өлеңі негізінде оның романтик. бейнесін жасаған (1971, қағаз, автосинкография, мемлекет өнер мұражайы қоры). Ал «Абай портретінде» (1990, қағаз, линогравюра, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің көркемсурет көрмесі дирекциясының қоры) ақынды халықтың ақылгөй ақсақалы ретінде көрсетеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Суретшінің творчестволық елеулі табысына - "Тың игеру" (1960), "Жер. Космос-Жер" (1964), "Адамдар, қырағы болыңдар" (1964), "Шекарада" (1969), "Байқоңыр" деп аталатын линогравюралары жатады.Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1973, 3 том
Дереккөздер
Санат:26 шілдеде туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Юргамыш ауданында туғандар Санат:17 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:Еңбектегі үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО капитандары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:КСРО кескіндемешілері Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Свердловск көркемөнер училищесі түлектері Санат:Қазақстан халық суретшілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері