Махмұт Хабайдоллаұлы Абдрахманов (20 шілде 1934 жыл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ташкенсаз ауылында туған) - Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұйғыр әдебиеті тарихы авторларының бірі.

Өмірбаяны 1958 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Ұйғыр тіліндегі «Коммунизм туғи» газетінде әдеби қызметкер Қазақ КСР Ғылым академиясының Ұйғыртану бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеген. 1983 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұзтаздық етіп келеді. Ғылыми еңбектері Оның ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде, әр түрлі басылымдарда жарияланған 200-ден астам мақалаларында ұйғыр ақын-жазушыларының шығармашылық жолы, ұлт әдебиетінің даму ерекшеліктері, әдеби байланыстар зерделенген.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

М.Абдрахманов — орта мектепке арналған әдебиет бағдарламаларының және оқулықтары авторларының бірі.

Шығармалары мен еңбектері

Бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Ол Абай, Пушкин, Р.Ғамзатов, Х.Ерғалиев, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, т.б. өлеңдерін ұйғыр тіліне аударған. Өз өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. "Жүрек жырлары". Өлеңдер. «Жазушы», 1967; "Ұйғыр совет әдебиеті тарихы". «Ғылым», 1967; "Әрлеу үстінде". Әдеби-сыни мақалалар. «Жазушы», 1977; "Белестер". Өлеңдер. «Жазушы», 1983; "Адымдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1984; "Ұйғыр совет әдебиетінің тарихы". «Ғылым», 1986; "Жылдар жаңғырығы". Мақалалар мен өлеңдер. Чонжа, 1999; "Түйіндер". Өлеңдер мен мақалалар. «Білім», 2004; "Шеберлік шыңына үмтылып". «Мир», 2009; "Ұйғыр әдебиеті". Оқулық пен хрестоматия, 8 сынып үшін. «Мектеп», 2000; "Ұйғыр әдебиеті". Оқулық пен хрестоматия, 10 сынып үшін. «Мектеп», 2003.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:20 шілдеде туғандар Санат:Еңбекшіқазақ ауданында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Ұйғыртанушылар Санат:Ұйғыр ақындары