Судың жай күйіне әсер ететін объектілерді пайдалануға беруге тыйым салу— судың зиянды әсерін, су қорғау аймақтары мен су тоғандар белдеулерінің ластануы мен былғануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ суды тұтынуды және пайдала- нылған ақаба судың сыртқа төгілуін есепке алу аспаптарымен жарақтандырылмаған жаңа және қайта құрылған объектілерді; суды реттеуші құрылғылармен жабдықталмаған және санитариялық қорғау аймақтары белгіленбеген судағы ұңғымаларын; бекітілген жобаларға сәйкес балық қорғау құрылғыларынсыз бас саға құрылыстарын; жобаларда көзделген судың жайылуын, жердің су астында қалуын, батпақтануын, сортандануын және топырақ эрозиясын болдырмайтын шараларды жүргізгенге дейін суару және суландыру жүйелерін, су қоймалары мен каналдарды; бекітілген жобаларға сәйкес су қабылдағыштар мен басқа да құрылыстар әзір болғанға дейін құрғату жүйелерін пайдалануға беруге тыйым салынуы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы