Евтрофтық көл — қоректі көл, сулары қоректік заттарға бай, сондықтан фитопланктон мен жоғары су өсімдіктері дамыған көлдер (бөгендер); әдетте, таяз сулы (10—15 м). Органикалық қалдықтардың едәуір бөлігі органикалық заттарға бай күшті лай қабатын түзіп су түбіне шөгеді. Оттек мөлшері су түбіне жақындаған сайын шұғыл кемиді. Судың мөлдірлігі бұлыңғыр, түсі сарғыш. Бұл топка негізінен орман мен дала белдеміндегі шағын, жазда жақсы ыситын көлдер жатады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Суының түсі жасылдан қоңырға дейін өзгереді, оттек мөлшері көлдің түбіне карай күрт азаяды, кыста кейде су жануарлары қырылып қалады. Түбі шымтезекті немесе тұнбалы болып келеді. Жазда фитопланктонның күшті дамуының нәтижесінде су "гүлденеді". Өсімдіктер мен жануарлардың өсуіне қолайлы жағдайлар бар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия Санат:Су шаруашылығы