Павел Дмитриевич Лобановский (1857/55, Төменгі Белоомут ауылы, Зарай уезі, Рязань губерниясы (қазіргі Мәскеу облысы) – 1887) — әскери қызметкер, әуесқой суретші.

Өмірбаяны «Халық еркі» тобының құрамында Ресейде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға қатысқаны үшін сотталып, Семей (сол кездегі Семипалатинск) қаласына жер аударылған. Мұнда 1884–1887 жылдары тұрған. Осы уақытта ол Абай Құнанбайұлымен танысқан. 1887 жылы Абайдың портретін қарындашпен салып жазған. Бұл портрет тарихи құжат болып табылады, себебі ол шынымен де Абаймен таныс болғанын дәлелдейді (Абайдың портреті әдеби-ескерткіш музейінің қорында сақтаулы).Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Талантты суретші Абайдың көп қырлы болмысынан таң қалған. Оны тек сауатты орыс тілінде сөйлегені ғана емес, сонымен қатар Абайдың Батыс пен Шығыс классикалық әдебиетінің алдыңғы қатарлы үлгілерімен терең таныстығы таңғалдырды. Достық белгісі ретінде Лобановский Абайдың портретін салды. Суретші қазақ ойшылының терең әрі ақылды көзқарасын дәл көрсетуге тырысты.

Автор портретті мынадай сөздермен сипаттаған: «Ибраһим Құнанбаев — Семей уезінің Шығыс болысының қазағы. Құнанбай Өскенбайұлының ұлы, қазақ даласында ерекше танымал адам. Өзінің халқының әдет-ғұрыптарын жақсы біледі. Қазақ ортасында үлкен беделге ие. Жасы қырық бесте. Облыстық статистикалық комитеттің мүшесі» «1887 жыл» деп жазылған портрет глянец қағазға салынған. Өлшемі 30x40 сантиметр. Қарындашпен орындалған картинаны Павел Лобановский қаладағы өлкетану музейіне тапсырған. 1887 жылдың 7 қарашасында статистикалық комитеттің мәжілісі өтті. Онда Сібір-Орал ғылыми-өндірістік көрмесіне экспонаттар дайындау мәселесі қаралды. Көрмеге Абайдың портретін ұсыну туралы шешім қабылданды. Осылайша, Лобановский салған картина Сібір мен Оралды аралап шықты.

Бұл Абайдың портреті көптеген жылдар бойы Семейдің өлкетану музейінде сақталды. Ал 1940 жылы қалада Абайдың республикалық әдеби-ескерткіш музейі ашылғанда, ол сол музейге тапсырылды.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Суретшілер