Гуллаев Назар (1936 ж. т.) - түрікмен ақыны, әдебиет зерттеуші, драматург, композитор. Филология ғылымларының кандидаты, профессор. Ол түрікмен халқының орта ғасырлардағы мәдени және әдеби мұрасы хақында «Ғасырдан қалған нұсқалар», «Ләйлі мен Мәжнүн жөнінде сұхбат» және «Өмір туралы ойланба» т. б. ғылыми-зерттеу кітаптарын жарыққа шығарды. Г. Абайдың туғанына 120 жыл толуына арнап «Қазақ халқының биік ұлы» («Мұғаллымдар газеті», 1965, 8-ші тамыз) атты көлемді мақала жазды. К. Боржакова.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:1936 жылы туғандар Санат:Түрікменстан ақындары Санат:Түрікменстан әдебиет зерттеушілері Санат:Түрікменстан жазушылары Санат:Түрікменстан филологтары Санат:Түрікменстан ғалымдары Санат:Профессорлар