Александр Александрович Риттих (1889-1945) - суретші, мүсінші, сәулетші. Монументті өнер саласында жұмыс істеді. Ритихтің «А. Құнанбаевтың портреті» (1944, кенеп, майлы бояу, Қазақстан Республикасы мемл. орт. музейі меншігінде) атты туындысында үстіне жолақ шапан, басына тақия киген, алдына кітабын алып төбе басында отырған Абай бейнеленген. Ақынның ту сыртында киіз үйлер, төменде жасыл желекке бөленген дала көріністері бояуының қанықтығымен, салтанаттығымен ерекшеленеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Александр Александрович Риттих · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.