Байұзақ (туған-өлген жылдары белгісіз), Абайдың замандасы. Тобықтының Бекең деген руынан тарайды. Абай онымен жақсы сыйлас болған. «Қыздарға» деген өлеңінде мынадай жолдар бар: «Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бекең» деп, олардың алып-жұлып кетер істерімен шаруасы жоқ, адал, момындығын меңзейді. Байұзақ - сол қыздардың ағасы. Кейін Абаймен құдандалы болып кеткендігі Мінәш Әрхамқызының: «Атам Оразымбет пен енем Үмітей әжемді (Кәкітайдың екінші әйелі Бибі) құшақ жая қарсы алды. Анық білетінім, біздің үй мен осы Байұзақ би баба шаңырағымен бұрын да құдандалы, сый¬лас адамдар екен. Әжем ескілік салтты өте қатаң сақтайтын иманжүзді адам еді» деп еске алуынан көрінеді («Мұхтар Әуезов туралы естеліктер», 1997, 201-202-беттер).Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Байұзақ · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.