Шар – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Абай облысының Көкпекті, Жарма аудандарының және Семей қалалық әкімдігінің аумағы арқылы ағып өтеді.
Абай 1885 жылы осы өзеннің бойындағы Қарамала деген жерде өткен Зайсан, Өскемен, Кереку, Семей уездерінің төтенше съезіне төбе би болып сайланған. Ақын осы съезге өзінің ел басқару жүйесін ұсынып, «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелерін» қабылдатты. Өзен атауы ақын шығармаларының толық жинақтарына еніп жүрген өзге ақындармен сөз қағыстыруларында да аталады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бастауы Бастауын Көкпекті аулынан солтүстікке қарай 20 км жерден алып, Шүлбі кентінен батысқа қарай 12 км жерде Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 230 км. Өзен бойында Қаратөбе ауылының батысында Шар су қоймасы және Шар бөгені салынған.
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы өзендері Санат:Көкпекті ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы