Нина Павловна Анненкова-Бернар (28 қаңтар 1859 ж., Псков – 1933 ж. 30 маусым, Орынбор)- орыс актрисасы. Қазақ АКСР-ның халық әртісі. (1924). Сахнадан қол үзген соң (1888) әдебиетпен шұғылданды. 1922-24 ж. Қазақстанға келді. Халық дастанының желісі бойынша «Бекет» пьесасын жазды (1923). Сол жылы 12 сәуірде Орынборда, 1927 ж. 19 наурызда Қостанайда орыс тілінде көрсетілді. Соңғы қойылымды көруге С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов қатысқан. «Бекет» драмасы Әуезовте де бар (1933). Осы аттас опера да жазған (1938). Жазушының архивінен Анненкова-Бернар пьесасының табылуына қарағанда, олар бірін-бірі білуі, шығармашылық қарым-қатынаста болуы мүмкін. Қалай десек те, Әуезов Анненкова-Бернардың бұл шығармасын оқыған, өйткені екі пьесаның сюжеті ұқсас жатыр.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:КСРО жазушылары