Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – Қазақстанның ең жоғары сот органы. Жоғарғы сот төменгі буындағы соттардың азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және басқа да сот істері бойынша заңда көрсетілген процесуалды формада олардың қызметтеріне сот қадағалауын жүргізіп, сот практикасы мәселелері бойынша түсінік береді.
Тарихы 1937 ж. 9 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Соты ретінде құрылды.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени құрылысты басқару органы, әкімшілік-саяси органдар мен қүқықтық сот органдары (1937- 1977 жж.), 2-т., 3-6., Алматы, 1992, 146-п.2 Қазақстан Республикасының 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Конституциясы (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993, № 3, 54-бап). 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған ҚР Конституциясында2. Қазақстан Республикасының 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Конституциясы (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993, № 3, 54-бап). ҚР-да сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, Жоғары төрелік сотқа және заң бойынша құрылған төменгі тұрған соттарға берілетіндігі белгіленді. Ешқандай өзге орган және өзге тұлға сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.3. 1993-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер:қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 128-132 б. (Құрастырушылардың ескертпелері). ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына4. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2,2-бап). сәйкес, ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі қаулысымен5. "Қазақстан Республикасының Әділет министрінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетін таратудың кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі № 494 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 14, 174-бап). ҚР Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті таратылды, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне берілді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Президентінің ұсынуы бойынша 5 жыл мерзімге Сенат сайлайды.
Жоғарғы Соттың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген Қазақстан Президентiнiң ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша 5 жыл мерзімге Қазақстан Президенті тағайындайды.Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Жоғарғы сот төрағалары
№ Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (1991–) 1 99px Тамас Айтмұхаметов наурыз 1984 желтоқсан 1993 2 99px Михаил Малахов желтоқсан 1993 9 сәуір 1996 м.а. 99px Қайрат Мәми 9 сәуір 1996 28 маусым 1996 3 99px Мақсұт Нәрікбаев 28 маусым 1996 28 шілде 2000 м.а. 99px Рашид Түсіпбеков 28 шілде 2000 1 қыркүйек 2000 4 99px Қайрат Мәми 1 қыркүйек 2000 3 сәуір 2009 5 99px Мұсабек Әлімбеков 3 сәуір 2009 15 сәуір 2011 6 99px Бектас Бекназаров 15 сәуір 2011 16 қазан 2013 7 99px Қайрат Мәми 16 қазан 2013 11 желтоқсан 2017 8 99px Жақып Асанов 11 желтоқсан 2017 8 желтоқсан 2022 9 99px Асламбек Мерғалиев 8 желтоқсан 2022 —
Құрылымы Жоғарғы сот төрағасы: Асламбек Мерғалиев Сот алқаларыҚұрылым № Атауы Судьялар саны Төрағасы Тағайындалған уақыты 1 Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 17 Нұрсерік Шәріпов 31 қаңтар 2022 2 Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы 6 бос орын – 3 Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 19 Назгүл Рахметуллина 19 сәуір 2024
Тағы қараңыз Қазақстан облыстық соттары төрағаларының тізімі
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Жоғарғы Соты